Мәскеуде «Солидарность» қайырымдылық қоры қасиетті Рамазан айына орай бейнеклип жарыққа шығарды. You Tube желісіне салынған бейнероликті әлем сүйсініп тамашалауда. Бір қызығы түсірілімге тек мұсылман ғана емес, өзге де дін өкілдерінің балалары қатысқан. Жас бүлдіршіндер «Медина» оқу орталығында араб тілін үйреніп жүргендер және олардың сүйікті ұстаздары Абдулмалик Зокиров екен.
Роликті түсірудегі басты мақсат – Қуанышы мен шаттығын қоса ала келетін Рамазан айының келгенін жаһанға жар салу, жақсылыққа шақыру, – дейді ұйымдастырушылар.
Пікірлер