Түркияның Ыстамбұл қаласының Таксим метро станциясында «Суреттермен 40 хадис шәриф» көрмесі ашылды. Көрмеге Әлемге ортақ тіл болған «сурет» тілімен Пайғамбарымыздың ﷺ хадистерін танытуды мақсат еткен түрік карикатуршысы Хасан Айжынның суреттері назарға ұсынылды.
Бұл жобаны Түркияның «Соңғы Пайғамбар» платформасы мен «Güçlüder» қауымдастығы ұйымдастырып отыр. Көрме маусымның 12-сіне дейін ашық. Бұдан кейін Ыстамбұлдың басқа да жерлерінде халық назарына ұсынылатын болады.
Пікірлер