Шешенстанның Ахмат Қадыров атындағы қоры Сирия аумағында ауыз ашар беруге ниетті. Бұл туралы ел басшысы Рамзан Қадыров қордың вице-президенті Зияд Сабсабимен кездесуінде мәлімдеді. Яғни, бір ай бойы күніне 20 мың адамға ауыз ашар берілмек. Сондай-ақ аталмыш қордың қолдауымен Дамашықта жуық арада әйелдерге, балалар мен қарттарға қызмет көрсететін тұрақты медициналық пункт ашылады. Қадыров өз сөзінде: «Шешен халқы Сирия тұрғындарының қандай жағдайда екенін жақсы түсінеді. Сол себепті біз бауырларымызға қолдан келген көмекті береміз»,-деді.
Пікірлер