Ингушетияда ежелгі ғибадатхана түріндегі алғашқы мешіт тұрғызылмақ. Мұндай кешендердің үлгілері елдің таулы өлкесінде сақталған. Бұл ежелгі ғибадатханаларда Құдайға құлшылық рәсімдері жасалған. Республика бойынша мұндай ғибадатханалар саны онға жуық. Құрылысы жоспарланып отырған 400 орындық Троицкий елдімекенінде салынбақ. Жоба бастамашылары бұл құрылыс жергілікті тұрғындардың көңілінен шықса Ингушетияның басқа аудандарында да осындай кешендер тұрғызуға ниетті.
Пікірлер