Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

АЛМАТЫДА ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ХІІ ОТЫРЫСЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)
25 мамыр, 2016 жыл 232 Басып шығару нұсқасы

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Ғұламалар Кеңесінің жұмысы басталды.

Кеңес отырысына ҚМДБ төраға орынбасарлары - Серікбай қажы Ораз, Наурызбай қажы Тағанұлы, Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, Кеңес хатшысы, ғылым докторы Ершат Оңғаров, Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек Есмағанбет, исламтанушы ғалымдар - Сансызбай Шоқанов, Мұхитдин Исаұлы, Алау Әділбаев, Әбсаттар Сманов, Смайыл Сейітбеков, Батыржан Мансұров, Сәбит Ибадуллаев, Ерсін Әміре, Бауыржан Әлиұлы, т.б. теологтар қатысуда.

Келелі жиынды ашқан Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Ғұламалар Кеңесінің жұмысына тоқталып, осы уақытқа дейін қабылданған пәтуалардың маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінде Ғұламалар Кеңесі өзінің қызметінде Құран Кәрімді, пайғамбар хадисін, сүнниттік бағыттағы Әбу Ханифа мәзһабын, елімізде қабылданған заң нормаларын басшылыққа ала отырып, діни мәселелер төңірегінде пәтуалар қабылдап, маңызды жұмыс атқарып келеді. Кеңес жұмысының еліміздегі діннің, руханияттың дамуы мен болашағы үшін маңызы өте зор. Өйткені, Ғұламалар Кеңесінің қоғамдағы орны мен рөлі ерекше көрініс тапты», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

ҚМДБ ғалымдары ХІІ отырыста «Діни қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы», «Діни қызметкерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамасы» құжаттарын талқылап, «Тағамның құрамындағы эмульгатордың үкімі» пәтуасы туралы пікір алмасуда.

ҚМДБ Баспасөз қызметі

www.muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары