Бангладештен шыққан мұсылман қыз Надия Шах Лондонның әкімшілік бірліктерінің (боро) бірі Камденнің мэрі болып тағайындалды. Тарихта алғаш рет мұсылман әйелі Лондон боросына басшылық жасап отыр. Надияның өзі Камденде туып-өскен. Жасынан әлеуметтік жұмыстармен, қайырымдылықпен белсенді түрде айналысады. Гринвиче университетін аяқтап, бұған дейін Лондонның ірі банктерінде жұмыс істеген.
Пікірлер