Соңғы бес жылда Сириядағы үздіксіз соғыстың салдарынан 270 мың адам, оның үстіне 80000-ы бейбіт тұрғын, 13500 бейкүнә балалар көз жұмды. БҰҰ-ның мәліметінше соғыс басталғалы Сирияда 4 миллионнан астам адам өз елін, үйін тастап кете баруға мәжбүр болды. 7 миллионнан көбі үйсіз-күйсіз қалды. Оның тең жартысы – балалар.
Алайда, кішкентай сириялықтардың басынан кешкен барлық қорқыныш, қиындықтарына қарамастан бала қайтсе де бала болып қалады. Олар да қорқыныш пен ауыртпалықтан жылайды, кішкене ғана қуанышқа күледі, жүздері жадырап шыға келеді. Алтыбақан, үрілген қызылды-жасылды шар, шуақты күннің өзі бүлдіршіндерді бір сәт бақытқа бөлейді.
Пікірлер