Сауд Арабиясының билігі қажылыққа барушыларға виза уақытын кешіктірмеуді қатаң ескертуде. Себебі корольдікте виза уақыты өтіп кетсе 50 мың реалға дейін айыппұл салу және 6 айға абақтыға жабу жазалары қарастырылған. Егер қандай да бір компания заң бұзушыны білсе және ол туралы билік өкілдеріне хабар бермесе оған 10 мың реал мөлшерінде айыппұл салынады. Сондай-ақ оны бес жылға қара тізімге кіргізеді. Ал компания басшылары бір жылға абақтыға жабылуы мүмкін.
Пікірлер