БАӘ соты ерінен күмәнданып, телефонын тексерген әйелді кінәлі деп танып, 40 мың доллар көлемінде айыппұл салып, елден жер аударды. Сот әйелдің бұл ісін ерінің жеке өміріне құл сұғу деп шешім шығарған. Жергілікті билік өкілдеріне әйелінің өзін аңдитыны туралы ері шағым түсірген. Айыпты деп танылған әйел БАӘ азаматы емес, араб елдерінің бірінің төлқұжатына ғана ие.
Пікірлер