14 мамырда Киевте «East Fest» деп аталатын шығыс және мұсылман мәдениетінің фестивалі өтеді. Фестивальдегі негізгі шаралардың бірі - киім-кешек, әртүрлі бояулар мен әшекейлер, шығыс тәттілерін сататын жәрмеңке болмақ. Сондай-ақ садақ атудан сайыс ұйымдастырылады. Араб наны мен эфиопия кофесін әзірлеу, хиджаб тоқу бойынша шеберлік сағаттары өтеді. Одан бөлек, фестивальде ислам мәдениеті жайлы, Африка, Орталық және Оңтүстік Азия, араб елдері мен қырым татарлары туралы дәріс тыңдауға мүмкіндік болады.
Пікірлер