«Форсаж» фильмінің бірнеше сериясына түскен америкалық киноактер Тайриз Гибсон Катардағы мешітті аралағаннан кейін үлкен әсер алғанын айтты. Өзінің фейсбуктегі парақшасына арабтардың дәстүрлі киімін киіп жүргендегі фотосуреттері мен видеоларын салған, актер: «Мен өмірімде бірінше рет үлкен мешітке келіп тұрмын. Ішке кіргенде жүрегім қатты соғып, екі аяғымнан әзер тұрдым. Маған мұсылмандардың қалай құлшылық жасайтынын көрсетті. Мен нағыз жақсылықты сездім... Әлемдегі барша мұсылманға жар салып айғайлағым келеді... ИншаАлла менің ниетім Таяу Шығысқа жақсылық әкелер»,- деді.
Пікірлер