АҚШ-та мұсылман мигранттарға қатысты заң жобасы қолға алынды. Ол заң жобасы бойынша кез-келген мигранттың діни сенімі немесе көзқарасына қарай оны орналастырудан бас тартуға тыйым салынады.
Бұл бастама Америка Президенттігіне үміткер Дональд Трамп мұсылмандар миграциясы бойынша арнайы комиссия құру ниеті туралы жария еткеннен кейін мақұлданған.
Заң жобасының жарияланған үзіндісінде: «Шет мемлекет азаматының діни көзқарасына немесе сеніміне байланысты оны АҚШ-та орналастырудан бас тартуға болмайды»,- деп жазылған.
Бұл заң жобасы АҚШ сенатында қолдауға ие болды. Исламның ғана емес, христиан, иудаизм, тіпті атеизм өкілдері де заң жобасының қабылдануын қолдаған.
Пікірлер