Өзбекстанда жазғы демалыс кезінде мектеп оқушыларының мешітке баруына тыйым салынды. Бұл ережені бұзған балалардың ата-анасына айыппұл салынады. Тыйым «деисламизация» саясатының шеңберінде салынған. Қазір де республиканың көптеген мешіттері осы тыйымға қатысты ескертулерді іліп үлгерді.
Мамыр айының басында өзбекстандық оқушылардың ата-аналарына жазғы демалыс кезінде тыйым салынатын қызмет түрлерінің тізімі берілген-ді. Құжаттағы талаптарға сәйкес оқушыларға қандайда бір ағымдарға қосылуға, мешітке құлшылық ету үшін баруға тыйым салынған болатын. Сондай-ақ тыйым салынған қызмет түрлерінің арасында қайыр сұрау, базар мен автокөлік жуу орындарында жұмыс істеу, жанармай сату сияқты жұмыстар бар. Ал әр бала көшеге үлкендерсіз кешкі алтыға дейін ғана шыға алады.
Пікірлер