46 жасар пәкістандық азамат Садик Хан 43% дауыс жинап Лондон қаласының әкімі (мэр) атанды. Алғаш рет Лондонда мұсылман әкімдік қызметке тағайындалып, тарихта аты қалмақ. Сондай-ақ, 8 жылда алғаш рет лейбористер партиясынан әкім тағайындалып отыр. Ал Садик Ханға қарсылас болған мультимиллионер Зак Голдсмит консерванттық партияның өкілі 37% дауыс жинап, бұл сайлауда жеңіліс тапты. Айта кету керек, 2013 және 2015 жылдары Садик Хан мұсылмандар арасында Британия бойынша «жыл саясаттанушысы» атанған. Оның негізгі міндеттеріне баспана және әлеуметтік мәселелер, қоғамдық көліктердегі қызмет бағасының тұрақты болуы кіреді.
Пікірлер