Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

 «Бала қажы» мешітінің бас имамы Назар - Махмұт қажы Нұрұлын Елбасы алғыс хатпен марапаттады!  
02 мамыр, 2016 жыл 979 Басып шығару нұсқасы

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің бас имамы Нұров Назар - Махмұт қажы Нұрұлын алғыс хатпен марапаттады. Үстіміздегі жылы М.Н.Нұров Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі болып тағайындалған болатын. «Бала қажы» мешітінің бас имамы Астанада өткен  Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясына қатысып, ұлтаралық бірлікті сақтау жолында бірге жұмыс жасауға атсалысты.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Бала қажы» мешітінің бас имамы Назар - Махмұт қажы Нұрұлына: «Қазақстан халқы Ассамблеясы Сізге ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтып, гуманистік мұраттарға дәйекті қызмет етіп, қоғамның рухани дамуына қосқан елеулі үлесіңіз үшін алғыс білдіреді» деп, ізгі лебізін жеткізген.

Имамдардың қолқанат болуымен елдегі қоғамдық келісімді одан әрі нығайтып, Қазақстан халқының ұлттық бірлігін қамтамасыз етудегі рөлін арттыру мақсатында игі істер жалғасын таба бермек. Еліміз тыныш болса барлық ұлт өкілдерінің басын біріктіріп, татулықты паш ететін дініміз көркейіп, бейбітшілікті ту еткен Қазақстан халқы Ассамблеясы берекелі істердің бастауы болары сөзсіз.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары