Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Ислам және зайырлы қоғам» конференциясы Қарағандыда жалғасты
18 сәуір, 2016 жыл 205 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды қаласының «Нұр Отан» партиясының ғимаратында Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Ислам және зайырлы қоғам» атты облыстық конференция өтті. Конференция Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен Астана қаласында бастау алған болатын.

Қарағанды шаһарында жалғасын тапқан жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы құрметті қонақ болды. Сондай-ақ, конференцияға ҚарМУ деканы, профессор, ф.ғ.д. Мұхаммедқали Ілиясұлы, ҚХА Қарағанды облыстық Хатшылығының жетекшісі Ерлан Құсайынов, Қарағанды облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының басшысы Қайрат Қаршығаұлы және Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері, қала, аудан имамдары,  мемлекет, қоғам және дін қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, профессорлар, тарихшылар, қоғамдық сарапшылар, т.б. қатысты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы алқалы жиынды ашып берді. Кейін Астанадан келген  құрметті қонақ Алтынбек Ұтысханұлына сөз беріліп, Жалпы және жастар ісі бөлімінің  меңгерушісі зайырлы қоғам мен дін арасындағы мызғымас байланыстың ара-жігін ашып, түсіндіріп берді. «Тәуелсіз мемлекеттің азаматы заңмен қалай құқығы қорғалса, дінде де адам құқығы толықтай қарастырылған. Зайырлы қоғам мен дінді бөліп қарастыруға болмайды», – дейді ол.

Өмірзақ қажы Қазкенұлы дәстүрлі дінімізде Отанына деген құрметтің, басшыға бағынудың айрықша орын алатынын айта келе, өзге ағымның арбауында жүргендердің теріс қылығын ілімнің таяздығы деді. Қазіргі таңда қатесін түсініп, райынан қайтып жатқандары да бар дейді. Алқалы жиында түйткілді мәселелер қозғалып, Астана қаласында өткен конференцияда алға қойылған жоспарлармен таныстырылды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары