Ұлыбританияда біраз үзілістен кейін халал сусын «Мекка кола» сатылымға қайта шығарылды. Ол 2003 жылы шыққан, алайда қазір сыртқы түрі мен қаптамасы өзгерген. Сусынды шығаратын компания өкілі Хамза Дженкинс: «Бренд 2003-2007 жылдары кең таралды, бірақ кейінірек оны британ нарығынан шығару туралы шешім қабылданды» -деп хабарлады. Біраз уақытқа созылған үзілістен кейін дүкен сөрелеріне қайта оралған «Мекка Кола» сатушылар мен британдық мұсылман қауымының тарапынан жақсы ықыласқа ие болуда. Сатылымға сусынның екі түрі: классикалық «Мекка Кола» және құнарлылығы аздау диеталық «Мекка Кола» шығарылған. Компания алдағы уақытта әр түрлі энергетикалық сусындар, лимонадтар мен шырындар шығаруды жоспарлап отыр.
Пікірлер