Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Сусамырмен (диабетпен) ауыратындар да енді ораза ұстай алады
27 сәуір, 2016 жыл 286 Басып шығару нұсқасы

Халықаралық диабет федерациясы (IDF) сусамырмен ауыратын адамдарға арналған Рамазан айында ораза ұстау жөнінде нұсқаулық шығарды. Нұсқаулық «Диабет қоғамы», «Диабет және рамазан» халықаралық алъянсы,  «Sanofi» фармацевтикалық компаниясының қолдауымен Дубай қаласында ұйымдастырған  конференцияда ұсынылды.

IDF  федерациясының президенті Шаукат Садикоттың айтуынша әлемде жыл сайын сусамырмен ауыратын адамдар саны артып келеді. Оларды барлық мәселелер бойынша қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету қажет. Қазір федерация статистикасына сәйкес әлемде сусамырмен ауыратын 148 млн. мұсылман бар.

Халықаралық диабет федерациясы имамдарды сусамырмен ауыратынға арналған арнайы ораза ұстау шарттарын егжей-тегжейлі түсіндіретін семинарларға қатысуға шақыруда.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары