Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Н.Назарбаев пен Р.Ердоған ислам әлеміндегі татуласу жөнінде бірлескен декларация қабылдады
14 сәуір, 2016 жыл 60 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президентi Режеп Тайып Ердоған ислам әлеміндегі татуласу жөнінде бірлескен декларация қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бұл Декларация екі ел көшбасшылары келіссөздерінің қорытындысы бойынша қабылданды.

Мемлекеттер басшылары құжатта халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға және мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған қағидаттарды берік ұстанатынын растады.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев пен Р.Ердоған Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерді мемлекетаралық қатынастарда және қақтығыстар мен дауларды реттеу мәселелерінде ізгі ниет пен ерік-жігер таныту және сындарлы қадам жасау арқылы ислам әлеміндегі қарым-қатынастың жаңа парадигмасын қалыптастыруға шақырды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары