Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мектепте орамал таққан қызды қолдады
26 сәуір, 2016 жыл 235 Басып шығару нұсқасы
Чехияның солтүстік-батысындағы Теплице қаласында орта мектеп оқушылары орамал таққаны үшін қысым көрген сыныптас құрбыларына қолдау көрсетуде. Себебі мектеп директорына мұсылман қызды «исламды насихаттағаны үшін» оқудан шығару туралы ондаған хаттар келіп түскен.

Он жеті жасар Эман Галебтің сыныптас достары оны қолдау үшін видеорепортаж жүргізген. «Біз осы видеоны өзіміздің өзге көзқараста екенімізді, басқаша ойлайтынымызды көрсету үшін қолданбақпыз. Біз Эманмен араласамыз, мұсылман екенін білеміз және бұл біздің араласуымызға бөгет болмайды. Біз оны сол күйінде қабылдаймыз және оны қауіп ретінде қабылдамаймыз» — деді достары.  Ал мектеп директоры мұсылман қызды мектептен шығаруға ниетті еместігін жеткізді: «Эман біздің мектеп пен қалада өзін жақсы көрсетті. Ол осындағы араб қауымымен бейбітшілік байланыста болуымызға ықпал етеді. Тұрғындар оның мектеп ережелерін бұзғанын айтып, оқудан шығаруды талап етуде. Бірақ ол ешқандай ережені бұзбады»-деді өз сөзінде. Видео жарияланбас бұрын Эман Галебтің жақтастары орамалмен, бас киіммен түскен суреттерін жариялап үлгерген.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары