Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Испания халалға бет бұрды
25 сәуір, 2016 жыл 210 Басып шығару нұсқасы
Испания оңтүстігіндегі Андалусия аймағының Құртұба қаласында жаңа нарық ретінде «халал индустриясы» енгізілуде. 2008 жылғы экономикалық дағдарыстың әсерінен  Испания нарықтағы қиыншылықтан шығу үшін дамудың жаңа жолдарын қарастыра бастады. Еуропа бойынша 44 млн.мұсылманға қызмет көрсететін жылына 12-20 млрд. еуро пайда табатын халал азық-түлік өнеркәсібінің табысы Құртұба қаласын бей-жай қалдырмады.

Испания оңтүстігіндегі Андалусия аймағының Құртұба қаласында жаңа нарық ретінде «халал индустриясы» енгізілуде. 2008 жылғы экономикалық дағдарыстың әсерінен  Испания нарықтағы қиыншылықтан шығу үшін дамудың жаңа жолдарын қарастыра бастады. Еуропа бойынша 44 млн.мұсылманға қызмет көрсететін жылына 12-20 млрд. еуро пайда табатын халал азық-түлік өнеркәсібінің табысы Құртұба қаласын бей-жай қалдырмады. Дағдарыстың сызын сезген Испания халал индустрия саласын өздеріне енгізуді жөн көрді. Осы мақсатта Құртуба қаласы халал индустрия саласында жұмыс істеген мың компания мен 6 мың адамды жұмыспен қамтамасыз ететін болды.Ал 2020-шы жылға қарай қала сыртында өнеркәсіптік қалашықтар құру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, Құртұба әкімшілігі мен Халал Институты бірлесе отырып халал индустриясы жайында көптеген конференциялар ұйымдастырды. Құртұба мешіті орналасқан Құртұба қаласына жылына шамамен 1,2 миллион турист келетінін ескерген зерттеушілер халал өнімдеріне инвестиция құйса, туристердің саны тағы да 20 пайызға артатынын айтты. «World Halal Forum» тарапынан жасалынған зерттеулер нәтижесі бойынша, Еуропадағы жылдық нарықтың 60 млрд. табысы халал өнімдерден (азық-түлік, косметика, туризм) түсетіндігі тіркелген.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары