Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Имамдар форумы – игілікті іске бастайды
24 ақпан, 2015 жыл 69 Басып шығару нұсқасы
    2015 жылғы 19-ақпанда Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбымен І Республикалық имамдар форумына облыс имамдарымен қатар №1-мешітінің бас имамы Орманбет Болатұлы да делегат болып қатысып қайтқан болатын. Форум қорытындысы бойынша «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты құжаттар бірауыздан қабылданып, құжаттағы өзекті мәселелерді мұсылман жұртшылығына жеткізу және насихаттау міндеттелді. Осы игі істі игілімізге айналдыру мақсатында бас имам Орманбет қажы халық арасында діни іс-шараларға қатысып жүрген мешіт ақсақалдары мен зиялы қауымның басын қосып түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» мен дін қызметкерлерінің этикасын басшылыққа ала отырып, құжатта бекітілген әдептіліктер кеңінен түсіндірілді. Бас мүфтиіміздің бастамасымен жарыққа шығып жатқан діни әдебиеттерден ықшамдалып басылған уағыздар жиынтығы молдаларға табысталды. Ақсақалдар қауымы да осындай дер уақытында қабылданған қағидалардың халқымызға берер рухани пайдасының мол екендігін сөз етіп, жүрген орталарында дін мен дәстүрдің сабақтасып дамуына «алтын көпір» болатындықтарын білдірді. Бас имамның ақсақалдармен тұрақты өткізіп отыратын бұл жолғы жиыны осындай тағылымдармен толықты. Алқалы отырысқа жергілікті БАҚ өкілдері қатыстырылып, жиын соңында форумның мақсаты жөнінде сұхбат берілді.

 Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="14573,14574,14575,14576,14577,14578"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары