Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мұғалім мұсылман оқушысын «террорист» деді
11 сәуір, 2016 жыл 69 Басып шығару нұсқасы
жанннн

АҚШ-тың Техас штатында First Colony  мектебінде ағылшын тілінің мұғалімі Уалид Әбу Шағбан есімді 12 жастағы озат оқушысын «террорист» деген. Осыған қатысты  қазір тергеу жұмыстары жүруде.

12 жастағы Уәлид жағдайдың қалай болғанын былайша жеткізеді: «Сыныпта «Бекхам тәрізді ойна» фильмін көріп отырған едік, фильмдегі бір оқиғаға күлдім. Сол жерде оқушым бұл күлгеніме: «Сенің орныңда болсам, күлмес едім», – деді. Мен де «Неге?» деп сұрадым. Ол да: «Себебі, бәріміз сенің террорист екеніңді білеміз», – деді. Бұның артынша сынып оқушылары мұғалімдерінің сөзін іліп әкетіп «сыныбымызда бомба бар» деп мазақ қылған.

Оқушының әкесі Мәлик Әбу Шағбан: «Ұлымның мұсылман болғаны «террорист болғаны» деген мағынаға келмейді. Оқытушылар барлық оқушыларына діні, түсі, тілі, ұлты бөлек деместен бірдей қарауы керек емес пе?» – деп күйініп отыр.

Мектептен телефон шалған ұлы әкесіне мұғалімнің сыныптың ортасында, балалардың көзінше «террорист» дегенін жеткізген. Әкесі де мұғалімінен сыныптың алдында баласынан кешірім сұрауын талап еткен. Алайда мұғалім кешірім сұрамақ түгілі, оқушымен сөйлеспейтінін айтқан.

Мәлик Әбу Шағбан оқытушылардың саяси идеологияларды сыныпқа тасымау керектігін айтып отыр.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары