Қырымның Вишневский ауылының тұрғындары ауылдан алыстамай-ақ жұма намазын оқи алатын болды. Ауылда мешіттің жоқтығы жергілікті халықтың жанына батып жүрген еді. Сол ауылдың тұрғыны өзінің үйін мешітке айналыдырып, қайырымды іс жасады. Енді қасиетті жұма күні жамағат мешіттің орнына сол үйге барып құлшылықтарын орындайды. Сонымен қоса, Құран сабақтарынан да дәріс алуға мүмкіндік бар.
Красноперекопский ауданының бас имамы Ескендір Сүлейменовтің айтуы бойныша келешекте Вишневский ауылында үлкен мешіт бой көтеретін болады. Қазір жер мәселесі шешіліп жатқан көрінеді.
Пікірлер