Британдық әлеуметтік ассоциацияның жаңа зерттеулері «мұсылман әйелдерінің білім деңгейі ерлерден төмен» дейтін қалыптасып қалған ескі қағиданы жоққа шығарды. Соңғы жылдары британ университеттерін бітірген әйелдер саны ерлер санынан асып түскен. Одан бөлек, мұсылман қыз-келіншектері мұсылман ерлерге қарағанда жоғары бағалар алады екен. 21-24 жас аралығындағы мұсылман қыздарының 25% түрлі ғылыми дәрежесі бар. Ал ер азаматтар арасында бұл көрсеткіш 22% құрайды. Бұл тенденция соңғы жылдарда айқын байқалып келеді. Салыстыру үшін айтар болсақ, 90-жылдарда жоғарғы оқу орындарына түсетін ерлер саны әйелдер санынан анағұрлым жоғары болған еді. Зерттеушілердің пікірі бойынша бұл құбылыс мұсылман қыздарының жақсы жұмысқа орналасып, өз беттерінше табыс табу ниеттерінің күшеюімен байланысты. Ал жоғары білім мұсылман әйелдеріне жұмысқа орналасуда қалыптасып қалған ескі көзқарастармен күресу үшін қажет.
Пікірлер