Рамазан айында ең қажетті азық-түліктің бағасы 50%-ға дейін арзандайды, – деп хабарлайды Біріккен Араб Әмірлігінің экономика министрлігі. Екі аптаның ішінде елдегі барлық азық-түлік дүкендері төмендетілетін тағамдар мен шарттары бойынша жоспар құру тиіс.
Тұтынушылардың құқығын қорғау Департаментінің директоры Хашим Әл Нуэйми бұл жағдайды көкеніс, жеміс сияқты ең керекті тағамдардың жетіспеуінің алдын алады деп түсіндірді.
Доктор Нуэйми Абу-Даби кәсіпкерлерімен кездесуінде 2015 жылдың Рамазан айында азық-түлік сатылымы алдыңғы жылға қарағанда 20 пайызға көбейгенін атап өтті.
Пікірлер