Қарағанды облыстық орталық мешітінің кітапханасында әдеби-рухани кеш өтті. Мешіт шәкірттері мен оқырмандар мәнерлеп оқудан сайысқа түсті. «Тыңдалмаған сөз – жетім» дейтін ата-баба ұрпақтары артына үлкен мұра қалдырып кеткен ұлылардың маржанды сөздері мен өлеңдерін ұмытпағанымызды сөз қадірін түсіне білетін қасиетімізді жоғалтпағанымызды дәелдеп бергендей болды.
Игі бастама өңірдің өкл иамы Өмірзақ қажы Қакенұлының бастамасымен қолға алынып, «Жастар ісі» бөлімінің өкілі Нұржігіт Оразалыұлы мен мешіт кітапханашысы Дәния ұйымдастырумен өтті.
Сайыс үш кезеңнен тұрды, бастапқыда адамзаттың ардақтысы болған Пайғамбарымыздың құны алтыннан асып түсетін, теңдесі жоқ хадис-шәріптерімен басталса, кейін ұлы ақын Абайдың қара сөздері мен поэзия падишасы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерімен жалғасты.
Қатысушылар үш кезеңнен де сүрінбей, ұлылардың ұлағатты ойларын көреременнің көкейіне жеткізе білді. Қазылар алқасның жоғары бағасын алған қатысушылар орындармен марапатталды. Бас жүлдені көркем сөз оқудың шебері екенін көрсеткен Әйгерім Қарабек жеңсе, бірінші орынға керемет дауыс ырғағымен көзге түскен Кенжебек Арман ие болды. Жеңімпаздарға қасиетті Құран мен кітап берілді.
«Жастар ісі» бөлімінің өкілі Мұсабеков Нұржігіт жастарға тәнті болып, өнерлерің өрге жүзсін деген ақжарма тілегінен кейін талап-таланттарың осы бір аядай аудиторияда қалып қалмау керек деп, өзінің ойында жүрген жоспарымен бөлісті. Бөлім басшысы келешекте осы сынды қаланың өнерпаздарын жинап, үлкен деңгейде өткізуді мақсат тұтып жүргенін айтты. Бұл сол ауқымды шаралардың бастамасы болмақ.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
Толығырақ:
Пікірлер