Асыраушысымен селфиге түскен панда әлеуметтік желінің жұлдызына айналып үлгерді. Сүйкімді қонжық Қытай елінің оңтүстік-шығысында орналасқан Дуцзянъянь қаласындағы арнайы пандаларды үйрететін орталығында мекендейді.
Желіде танымал болған төмендегі видеода панданың қожайынымен құшақтасып, еркелеп тұрғаны және екеуінің бірге селфиге түсіп жатқаны көрсетілген. Жанекеш жануардың иесін қалайша жақсы көретінін байқау қиын емес. Осы бір жануарды ұнатпайтын адам жоқ шығар, тіпті көпшілігі үйлеріне алып кетуге де әзір тұрады екен.
Пікірлер