Пәкістанның Пенжап елдімекенінің орталығы Лахорда аттракциондық паркте жарылыс болды. Жарылыс салдарынан 70 адам қаза тауып, 340 адам жараланған. Жараланғандардың 25-і ауыр жағдайда.
Оқиға болған жерді зерттеу барысында 8 келі жарылыс қоспасын қолданған адамның өз-өзін жарып жібергені анықталды. Пәкістан президенті Науаз Шәриф елде 3 күндік қаралы күн жариялады.
Бұл террористік әрекетті «талибандар» мойнына алып отыр.
«Пәкістандық» мұсылман бауырларымыздың қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. Алла Пәкістанға және басқа да мұсылман елдеріне тыныштық, береке, бірлік нәсіп етсін!
Пікірлер