Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Брюссельде жарылыс ұйымдастырған католик мектебінің озат оқушысы боп шықты
28 наурыз, 2016 жыл 25 Басып шығару нұсқасы
Көпке дейін Сирияда соғысып жүрген, Париждегі жарылғыш белбеулерді жасады деген күдікті, брюсельдік жанкешті Наджим Лахрави католик мектебінің озат оқушысы болғаны анықталды.  06bf14bd

Құқық қорғау органдарының мәліметінше Бельгияның 25 жастағы тұрғыны таяуда Завентем аэропортында болған жарылыста өлім құшқан екі террористің бірі.Wx600_719090

«Наджми Лахрави өте жақсы оқушы болған», - деген Брюсельдегі католик мектебінің директоры Вероника Пеллегринидің сөзін келтіреді Al Arabiya. Оқу орнының басшысының айтуынша Лахрави сыныбын ешқашан ұятқа қалдырмаған, сабағына мұқият болған. Оқу аяқталғаннан кейін хабар алмаспадық дейді.

Ол Суфьян Кайял деген лақап атпен қыркүйек айында Парижде болған терактқа қатысы бар басты күдікті, таяуда Брюсельде тұтқынға алынған Салях Абдесламмен бірге жеңіл көлікпен Венгриядан Австрияға өткен.

Естеріңізге сала кетейік наурыздың 22-сі Брюсель аэропортында жарылыс орын алып 26 адам қаза тапқан болатын.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары