Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мұсылман қызына тиіскісі келген исламофоб күлкіге қалды
25 наурыз, 2016 жыл 12 Басып шығару нұсқасы
mediumКөшеде кездескен мұсылман қызына тиісіп, өзін «қаһарман» етіп көрсеткісі келген ағылшындық азамат елдің күлкісіне қалды. Әлеуметтік желілердің біріне мұсылман қызын масқараламақ болып, жазба қалдырған Мэтью Дойл есімді бұл жігіттің ақымақтығын тек мұсылмандар ғана емес, басқа дін өкілдері де әжуаға айналдырып, әбден күлкіге батқан.

«Кеше Кройдон көшесінде мұсылман қызын тоқтатып, Брюссельдегі жарылыстың мәнін сұрадым. Ал, ол болса, «менің бұған қатысым жоқ» дейді. Жауаптан жалтарып кетті» деп өзінше желпінген жігіт біреуге атқан тасының өз басына түсерін тіптен де ойламаған секілді.

Ойланбай айтқан сөз қашанда опық жегізеді. Әлеуметтік желі қолданушылар оның бұл сөзін бірден іліп әкетіп, «Кеше мен Кройдон көшесінен бір немісті ұстап алып, Гитлер мен Холокоста қырғыны туралы сұрадым. Ал, ол болса, «менің бұған қатысым жоқ» дейді. Жауаптан жалтарып кетті» деген сынды жазбалармен келемежге айналдырған.

muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары