Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Әлемдегі ең үлкен мешіт Түркияда салынуда
17 наурыз, 2016 жыл 35 Басып шығару нұсқасы


186830-INNERRESIZED600-600-amlca-mosque-project-istanbulЫстамбұлда жаңа мешіттің құрылысы салынуда. Бұл мешіт әлемдегі ең үлкен мешіттердің бірі болмақ. Осы жылғы маусымның 1 жұлдызына келіп тұрған Рамазан айының Қадір түнінде мешіт салтанатты түрде ашылады деп күтілуде. Чамлыджа мешітінің аумағы 15 мың шаршы метрді құрамақ. Оны Ыстамбұлдың кез-келген нүктесінен көруге болады. Мешіт әрқайсы 107 метр болатын төрт мұнарадан тұрады.  Ғимарат бойынша 70 күмбез салынады. Бұл мешітте құлшылық жасауға арналған 5 бөлме, сондай-ақ Ислам тарихы мен мәдениетіне байланысты жәдігерлер қойылатын өнер галереясы, конференц-зал, кітапхана және автокөліктер қоятын орын болады деп жоспарлануда. Мешіттің бір ерекшелігі – көлік жобасында.  Мешітке Ыстамбұлдың еуропалық және азиаттық бөлігін байланыстыратын 10 шақырымдық жолмен жетуге болады.  Бұл жолдың да құрылысы жүргізіліп жатыр.

186831-INNERRESIZED600-600-461518348




 


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары