Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Оқырмандар Наурыз мейрамын атап өтті
17 наурыз, 2016 жыл 99 Басып шығару нұсқасы
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлау басталып кетті. Жақсылықтың жаршысы болған осынау мерекені бәрі де асыға күтіп, ерекше құрметпен атап өтеді. Шуақты көктемнің ерекше күндерінің бірі – Самарқанның көк тасы еріп, күн мен түн теңелген – Әз-Наурыз. Айтулы мейрамды Қарағанды облыстық орталық мешітінің шәкірттері мен кітапхана оқырмандары да атап өтті.  Мешіт кітапханашысы Дәния Іңкәрбайқызының ұйымдастыруымен өткен «Жарасып тұр дәстүрім иманменен» атты тақырыпта рухани-танымдық кештің куәсі болдық. Жасы да кәрісі де жиналған кеште қазақтың ұлттық құндылықтары әспеттеліп, Наурыз мейрамының қадір-қасиеті ашылды. ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы арнайы келіп, ақ жарма тілегін жеткізді. Өкіл имам Наурыз мейрамының тарихына тоқталып, «бұл мереке – елді ынтымақ-бірлікке баулитын, құт-береке әкелетін ерекше күн»,- деді. Өмірзақ қажы жиналған жұртқа ақ батасын беріп, еліміз бен жерімізге амандық тіледі.

Ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық ойын, әшекей-бұйым, ою-өрнек, ұлттық тағамдарымыз бен аспаптарымыз жайында оқырмандар өз ойларын ортаға салып, тарихи жәдігерлеріміздің өшпейтінін, керісінше жаңғырып жандана беретінін бір дәлелдеді.

Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенттері де осы шараға келіп, төгілтіп күйден шашу шашты. Қорқыттың қобызы да тартылды.

Дін мен дәстүр сабақтасқан осынау кеште қазақтың бір туар ақындарымыздың тәрбиеге тұнып тұрған дін ислам жайындағы өлеңдерін мәнеріне келтіріп оқыды.

Мешіт кітапханашысы қазақтың кез-келген дәстүрін, әдет-ғұрпын алып қарасаң да, асыл дініміз бен біте қайнасып жатады. Сондықтан да өскелең ұрпаққа өнеге беру үшін, осы  сынды кештерді жиі ұйымдастыру керектігін айтты.

[gallery link="file" columns="1" size="large" ids="23597,23599,23600,23598"]

Толығырақ: http://www.ihsan.kz/archives/23593

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары