Ежелден мұсылман елі бейбітшілік пен ынтымақты қолдаған. Әрбір тыныш күнін мереке мен берекеге балаған. Татулық пен ынтымақтастықты арттыра түсетін сондай күндердің бірі –жыл басы – Наурыздың бастауы болған – Амал күні. Көрісу деп те атайды. Осы бір ұлық күнді Қарқаралы ауданының халқы зор қуанышпен атап өтті. Аудан әкімі Х.Мақсұтов бастаған азаматтар Құнанбай қажы мешітіне барып, құран оқытып, құрбандық шалды. Ізгі шара аудан бойынша 26 жерде жалғасын тапты.
Аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің берген мәліметіне сәйкес аудандағы аз қамтылған 104 отбасына құрбандыққа шалынған мал бөлініп берілді.
Аудан әкімі Халел Мұқатайұлы дін мен дәстүр сабақтасып, ислам құндылықтары дәріптелген жерде, мейірімділік пен кешірімділік үстем құрған елде қашан да татулық, ырыс-береке болатынын баса айтты.
Пікірлер