Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» мешітінің макетін тарту етті (ФОТО)
16 наурыз, 2016 жыл 25 Басып шығару нұсқасы
10c6c974625e7ab3b2e0a6ea98e427b6

Жамағатқа есігін айқара ашқан «Әзірет Сұлтан» мешіті Астана қаласына келсеңіз, алыстан менмұндалайды. Күн сәулесімен алаулаған алып күмбез бен көкке шаншылған мұнаралар көзіңізге бірден шалынады. Астана қаласының ажарын арттыра түскен «Әзірет Сұлтан» мешіті көркем сәулеті мен көлемі жөнінен Орта Азиядағы бірегей мешіттердің бірі саналады. Еліміздің жүрегі Елордаға ат басын тіреген шетелдік қонақтардың да осы құлшылық ордасына арнайы келіп, тамсанып кеткені қаншама.


Күні-түні кісі аяғы үзілмейтін сол «Әзірет Сұлтан» мешітінде бүгін ерекше оқиға орын алды. Осыдан бір жыл бұрын игілікті іске білек сыбана кіріскен Ескендір Қайратжанұлы бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітіне өзінің керемет туындысын тарту етті. Бүгінде өзінің MMK Company деп аталатын түрлі нысандардың кішірейтілген нұсқасын жасаумен айналысатын компаниясын құрып үлгерген Ескендір еліміздің Бас мешітін көрген сәтте-ақ осы жұмысын аяқтамайынша байыз таппайтынын түсінгенін айтады. Жылдан астам уақытын жұмсаған бұл жұмысын ол «Әзірет Сұлтанға» тегін тарту ететінін айтып, Алматы қаласынан арнайы келіп макетті мешіт ішіне құрып берді.

Құлшылық ордасына осыншалықты құрмет көрсетіп, көз майын тауысып құрастырған туындысын тарту еткен Ескендір Қайратжанұлына «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының «Алғыс хаты» табысталып, естелік жәдігер сыйға берілді. «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб  имамы  Қуат Ерғалиұлы жамағат атынан алғыс білдіріп, өнерінің өрісті болуын тіледі.


10d5476ca7f577cb12deceaa471e32ef

3646fd417c5ce7ecded3df63c8f61f7c

82220f6f49f8d09c83af1d3783b2bd74

a4ca94024a13a0d526cbc109d726850c

muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары