Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

"Сириялық" балалар – балалық шақсыз балалар...
15 наурыз, 2016 жыл 145 Басып шығару нұсқасы
сирия бала

БҰҰ-ның балалар қоры ЮНИСЕФ Сириядағы балалардың бес жыл бойғы ішкі соғыстан тартқан зардабы жайындағы есебін жариялады. Есеп бойынша, 5 жыл ішінде Сирияда 3,7 миллион бала дүниеге келген. Бұл Сириядағы балалар санының үштен біріне тең. Жарық дүние есігін ашқан бұл балалардың 306 мыңы босқын ретінде паналаған елдерде туған.

Есепте мемлекеттегі балалардың 80 пайызы, яғни 8,4 миллионы елдің ішкі және сыртқы қақтығыстарынан әсерленіп зардап шеккен.

ЮНИСЕФ-тің Таяу Шығыс және Солтүстік Африка бөлімінің басқарушысы Петер Салама шамамен 7 миллион «сириялық» баланың жоқшылық ішінде және мұқтаждық жағдайда өмір сүріп жатқанын тілге тиек етіп, «Миллиондаған бала балалық шағын көрмей, ерте есею мәжбүрінде қалды» деді.

Сондай-ақ, есепте босқындардың жартысының балалар болғаны, оның 15 мыңнан астамы қасында қамқор болар жақыны болмай, жалғыз басына мемлекет сыртына шыққаны айтылған.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары