Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Жәннаттың кілті – аналардың аяғының астында» атты рухани кеш өтті
12 наурыз, 2016 жыл 142 Басып шығару нұсқасы
«ҚМДБ-ның  халықтың игілігі үшін атқаруға бағыттаған іс-шараларын дамытуды міндетеген өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының «Дін мен Дәстүр» және қайырымдылық шараларын өткізуге жүктеген тапсырмасының аясында Қарағанды қалалық №1-мешітінде рухани мерекелік кеш өткізілді. Бас имам Орманбет қажы Болатұлы «Жәннаттың кілті – аналардың аяғының астында» тақырыбымен қарттар үйінің тұрғындары мен мешіттегі аналарға, діни сауат ашу курсындағы шәкірт қыздарға арнап дастархан жайды. Дініміздегі асыл аналар мен әйелге деген құрмет турасында насихат айтып, ұрпақ тәрбиесінің ұлт болашағына тигізер ықпалын сөз еткен бас имам рухани кештің негізгі мақсатын түсіндіріп өтті. Аналарға арналған жырдан шашу шашылып терме айтылды. Одан соң еркін отырыс болсын деген мақсатта рухани кешті мешіт ұстазы Бақытгүл жүргізді. «Үлгі алар сахаба аналар»  «Ұлт мақтанышына айналған халқымыздың аяулы қыздары» тақырыбында насихаттар айтылып ұрпақ тәрбиесі турасында бейнероликтер көрсетілді. Апалар өз кезегінде жастарға отбасы құндылықтары жайында өнегелі өсиеттерін жеткізді. Кеш соңында қарттар үйінің тұрғындарына азық-түлікпен қайырымдылық көрсетілді.

Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары