Ресей нарығындағы шұжық өнімінің 75%-ы фольсификат болып шықты. Өндірушілердің көбі мемлекеттік стандарт белгісі бар деген желеу сөзбен алдап келген. Шынына келгенде стандартқа сай келмейді, - деп мәлемдеді «Росконтроль» тұтынушылар Кеңесінің қосалқы төрағасы Александр Борисов.
Сарапшылардың деректеріне сүйенсек шұжықтың ішінен сиыр, шошқа етін алмастырушы заттар (соя және коллагенді ақуыз, құс еті тіпті жануарлардың терілері) табылған. Бұдан өзге «етті» тағамдардан құрамында көрсетілмеген крахмал, целлюлоза және ылғал ұстағыш агент бары анықталды.
«Тексерістен өтпей қалған өнімдердің қатарында "Ремит", "Черкизовский", "Мясницкий ряд", "Мортадель", "Дымов" т.б сауда брендтері бар» деп көрсетті Борисов.
Пікірлер