Индонезия премьер-министрі Joko Widodo: «Палестина толықтай тәуелсіз мемлекет ретінде танылмаса да, Индонезия Палестинаны үнемі тәуелсіз мемлекет деп мойындайды», – деді. Бұл жайында ол Индонезия астанасы Жакартада өткен Ислам Ынтымақтастық ұйымының 5-ші төтенше саммитінде мәлімдеді.
Ол жиында Палестина мен Құдыстағы проблемаларды да тілге тиек ете келе: «Палестинадағы проблемалардың шешілуі үшін әуелі Палестинаның өз ішінде бірлік болуы тиіс. Индонезия бұл бірліктің орнауына қолдан келгенін жасайтын болады», – деді ол.
Палестинаның толықтай тәуелсіздігіне қауышу үшін әртүрлі қолдау көрсететінін жеткізген Joko Widodo: «Палестина тәуелсіздікке қол жеткізу үшін әрекеттерін жалғастырса да, Палестина Индонезия үшін тәуелсіз бір мемлекет!», – деді.
Пікірлер