"Виктория Ислам кеңесі" мен "Аустралия Ислам мұражайын" зиярат еткен Аустралия премьер-министрі Malcolm Turnbull «Мұсылмандар 150 жылдан астам уақыт бойы әлемнің ең нәтижелі көп мәдениетті қоғамы болған Аустралияның толықтырып тұрушы бір бөлшегі болды» деді.
Аустралиядағы мұсылмандармен бас қосып, сөзін «Ассалаумағалейкум!» деп бастаған премьер-министр: «Осы жерде баршаңыздың алдарыңызда Аустралия мұсылман қоғамына ерекше құрмет көрсететінімді, жоғары бағалайтынымды жеткізгім келеді», – деді.
Ислам мұражайына бас сұққан премьер: «Мұражай – мұсылмандардың тарихымызда жаңашылдық пен оқу-ағартуда алдыңғы қатарда екендігінің тірі көрсеткіші», – деді.
Malcolm Turnbull Андалусия мұсылмандарының, Османлылардың Исламның түпкі құндылықтарынан негіз алып, түрлі наным-сенімге ие қоғамға қарсы толеранттылық пен ашық саясат жүргізіп келе жатқанына және бұл мәселеде жоғарғы деңгейлерге жеткендігіне назар аудара келіп: «Қашан қандай да бір қоғам толерантты және түрлі наным-сенімге ашық болса, түрлі діндер мен ұлыстардың басы бір жерде тоғысып, бір-бірінен бір нәрселер үйрене алса, сонда ғана қоғам күшті болады. Ислам бұл мәселеде өте күшті тарихи тәжірибелерге ие», – деді.
«ИСИМ-нен жапа шеккендердің көбі – мұсылмандар»
Әлемнің түрлі мемлекеттерінде ИСИМ секілді бір террористік ұйымдардың лаңкестік әрекеттерінен «аустралиялық» мұсылмандардың да қысымға ұшырағандарын тілге тиек еткен Malcolm Turnbull былай деді: «Мұсылмандардың қыспақ астында қалғанын білемін. Қорқынышты әрекеттер жасап, дін атына кір келтіріп жүрген, күпірлікке бой алдырған кішкентай ғана радикал бір топ әлемге қара бұлт боп үйрілді. Бұл шектен шыққан ұйымдар Ислам дінін жаңылыс жорамалдап, сунниттер мен шииттердің арасына шоқ тастап, мұсылмандар мен мұсылман еместердің арасына қанжар сұғып, арандатуға тырысуда. Әлемде ИСИМ-нен жапа шеккендердің көбі – мұсылмандар. Олардың олжаға кенелудеріне жол бермейміз».
«Ешкім айнаға қарап «мен «аустралиялықтарға» ұқсамаймын дей алмайды»
Аустралиядағы 500 мың мұсылманның 40 мыңы Аустралия тумасы екенін айтты. «Қандай керемет бір еліміз бар. Ешкім айнаға қарап «Мен «аустралиялықтарға» ұқсамаймын дей алмайды. Себебі, «аустралиялықтар» әр нәсілге, әр мәдениетке, әр дінге ұқсайды. Біз қандай да бір дінмен не қандай да бір нәсілмен танылған емеспіз», – деді ол.
Пікірлер