Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Берлин Техникалық Университетіндегі 50 жылдық мешіт жабылуда
07 наурыз, 2016 жыл 12 Басып шығару нұсқасы
мешіт

Германияның Берлин Техникалық Университетінде шамамен 50 жылдан бері мұсылман оқушылардың намаз оқып келген мешіті наурыздың 14-інен бастап жабылатыны белгілі болды.

Университеттегі мұсылман оқушылар құрған ASES ұйымының төрағасы Омар Илханның айтуынша, мұсылман оқушылар құрған 4 ұйымның басшылары мешіттің жабылу мәселесіне байланысты Берлин Техникалық Университетінің ректоры Кристиан Томсонмен кездескен. Мешіттің жабылуына қарсы 600 оқушыдан қол жинап, тапсырса да, университет басшылығы қабылданған шешімнің өзгермейтінін айтқан. Ең құрығанда жұма намазы үшін бір сағатқа спорт залды беру туралы өтініштерін де қабылдамаған.

Университеттің 50 жыл бойы намаз үшін ашық тұрған мешітті жабу туралы шешім қабылдауына не түрткі болғанын мұсылмандар түсіне алмай отыр.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары