Imgur пайдаланушылары ақпан айының соңында бір сайтта пайда болған Кис атты мысықтың суреттеріне назар аударды. Мысық құдды бір кінәсін мойындап беріліп жатқан сияқты алдыңғы екі аяғын көтеріп, тұра қалады.
Мысықтың қожайыны оның аяқтарын көтеруді өздігінен үйренгендігін айтты. Бірде таңертеңгілік осылай аяғын көтеріп тұрғанда қожайыны қызықтап, камераға түсіріп алмақшы болады. Мысық келесі күні де осы әдетін қайталайды. Уақыт өте келе қожайыны қолына камера алған сайын мысық алдыңғы екі аяғын көтеріп тұра қалуды әдет қылады.
Әлеуметтік желілерде мысықтың футбол алаңындағы, Диснейлендтегі аттракциондардағы, мектепте партада отырған суреттері пайда болуда. Ешкімде жоқ әдет шығарған мысықтың Instagram мен Twitter жеке парақшасы ашылды.
Пікірлер