Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Проблемадан ақша тауып отыр
02 наурыз, 2016 жыл 16 Басып шығару нұсқасы
проблемаТүркияның Ушак университетінің Фатма Күбра Чавуш пен Бушра Байер есімді екі оқушысы «1 лираға проблемаңызды тыңдаймыз» деген жазу жазып, көшеге шыққан. Мұндағы мақсаттары адамдардың дерттерін тыңдап, шерлерін тарқатып, қатулы қабақтарын жазып, тұнжыраған жүздеріне күлкі үйіру екен. Өздерінің айтуынша, күнде ішіндегі проблемасымен бөлісуге 30-40 адам келеді екен.

Бастапқы кезде мазақ қыла күлгендер болғанымен, соншалықты жағымсыз жағдайлармен ұшыраспағандарын айтады екеуі. Бұларға келетіндердің көбі орта жастан асып кеткен жандар екен. Қыздардың айтуынша, мұндай жандар бұл екеуін баласындай немесе немересіндей көріп, әңгімелерін бүкпесіз жайып салады екен. Және де мұндай жандармен тіл табысып кету де оңай көрінеді.

Фатма Күбра Чавуш: «Адамдар ішкі проблемаларын еш танымайтын, екінші қайтып онымен көріспейтін жандарға ағынан жарыла айтады. Біз олардың бұл проблемаларын тыңдап, шамамыз келгенше ол проблемаларына шешім тауып беруге тырысамыз. Асыл мақсатымыз ­­– еш танымайтын адамдарға бақыт сыйлау. Дерттерімен бөліскен айтқан жандар 1 лира ақысын беріп жүре береді. Бұл символикалық дүние, десек те бюджетімізге де үлесі тиіп жатқаны жасырын емес», ­– дейді.

Проблема тыңдаудың шектелген уақыты жоқ. «Клиенттерінің әңгімесі біткенше тыңдап отыра беруге әзірміз», ­– дейді қыздар. «Бізге келіп, ішіндегісін ақтарып тастап, бір жеңілдеп, жүзіне күлкі үйіріліп қайтқанын көрсек, ерекше бір сезімге бөленіп қаламыз», – дейді Фатма.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары