Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) «WhatsApp арқылы мемлекеттің абыройына тіл тигізіп, мазақ қылды» деген айыппен бір Омандық азаматты 3 жылға дейін бас бостандығынан айрылып, 50 мың дирхам көлемінде (135 мың доллар) айыппұл салынды.
БАӘ-нің WAM ақпарат агенттігінің хабарлауынша, С.М.С. есімді азамат WhatsApp арқылы Йемен топырағында жатқан БАӘ-нің шейіттерін «қорқақтар» деп тіл тигізіп, мазақ қылып, халыққа таратып жіберген. Жоғарғы сот тіпті айыпталушыны жазасын өтеп болған соң, шекарадан шығарып жіберу туралы да үкім шығарған.
Пікірлер