Қарағанды облыстық орталық мешітінің жанындағы "Жастар ісі" бөлімінің меңгерушісі Уақасов Мадияр Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесті. Үлкен аудиторияда жиналған жастарға дін өкілі ұлттық дәстүріміз бен діннің ұштастығы, маңызы мен мазмұнын айтып берді. Бүгінгі күні жастардың көпшілігі еліктеушілікпен өзге елдің қаңсығына тамсанып жүргені өтірік емес. Қазақ халқы ертеден асыл дінімізді берік ұстанғаны дәстүріміздің барлығы дерлік шариғатпен қабысып жатқаны тарихтан белгілі. Міне, осы шындықты Мадияр Мейіржанұлы студент жастарға түсіндіріп берді. Жастарды мазалап жүрген сұрақтарға жауап беріп, бүгінгінің жастары қандай болу керек екенін айтты.
Пікірлер