Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Шешен халқы Қадыровты қимайды
29 ақпан, 2016 жыл 40 Басып шығару нұсқасы
Ramzan_8

Жексенбіде Грозныйда Азаматтық форум өтті. Форумға қатысушылар Ресей президенті Владимир Путиннен Рамзан Қадыровты Шешенстан басшысы қызметіне қалдыруды қолдауды сұрады. Бұл туралы республика үкіметінің ресми порталында жарияланған қарардың мәтінінде айтылған деп хабарлайды tengrinews.kz
"Шешенстан Республикасының халқы оны ұлттық көшбасшы лауазымынан айырмайды, сонымен қатар, саяси аренада оның болуын қажет деп есептейді. Сонымен қатар, мұсылман, шешен халқының адал ұлы және Ресейдің патриоты ретінде ол халықтың қалауына бағынуға міндетті!", - делінген құжатта. 


Бұған дейін Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров сенбі күні НТВ телеарнасында өтетін «Центральное телевидение» бағдардамасында өзінің биліктен кететінін мәлімдеген болатын.


Оның ойынша президенттіктен кететін уақыты келген және қарамағында ел басқарауға лайық мамандар, ізін басушылар жеткілікті.

Бұған дейін Қадыров сайлауға қайта түсу-түспесін әзірге білмеймін деген болатын. Рамзан Қадыровтың басқару мерзімі 5 наурызда аяқталады. Қадыров халықтан өзін қолдау үшін митинг өткізбеуді де сұрады. 



 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары