Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Балалардың еміне ақша берген қарағандылықтың өзін емдейтін болды
25 ақпан, 2016 жыл 10 Басып шығару нұсқасы
photo_178264Өзінің еміне жиналған 5 миллионнан астам қаражатты ауру балаларды емдеуге берген қарағандылықты Үнді елі оңалту орталығына шақырып отыр деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қарағанды қаласының тұрғыны Нияз Сүндеталиев 2012 жылы қатты жарақат алып, сал болып қалған болатын.

"МедИндия" компаниясының директоры, ТМД бойынша Үнді госпитальдерінің ресми төрайымы Анна Вербина Нияздың барлық ем-домдарын компания өз мойнына алатынын хабарлады.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасына «Өзінің қиналғанына қарамастан, осыншалық мейірімділік танытқан бала бізді таңқалдырмай қоймады. Сондықтан да біз «Фортис» емдеу орталығымен сөйлесіп, Ниязды 30 күндік курсқа шақыруды жөн көрдік. Дәрігерлер бар жандарына салып, көмектесетін болады. Жақсылықтың қайтып келетініне сену керек. Нияз алдағы уақытта әлі талай адамдарға көмектесетін болады» деп жазды.

Үнді госпиталі Ниязды наурыздан бастап қабылдауға дайын. Қазіргі таңда шет елге шығу үшін керек құжаттар дайындалып жатыр, айта кету керек компания жол ақысын да өтеп береді.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары