Шоколад дайындайтын Mars компаниясы 55 мемлекеттен миллиондаған өнімін кері қайтарып алып жатыр. Бұл туралы Associated Press хабарлады.
Бұған шоколад ішінен шыққан пластик қалдығы себеп болып отыр. Handelsblatt неміс газетінің жазуынша, бұл соңғы бір айда шыққан барлық тауарға қатысы бар. Яғни, бір зауыттан шығатын Mars, Snickers, Milky Way және Celebrations кәмпиттері де бұған кіреді.
Mars компаниясының өкілі бұл мәселеге қатысты әңгімені жоққа шығармай отыр. Бірақ әзірге қанша өнімнің ішінде пластик бары белгісіз. Тек бұл проблемалы өнімдердің Голландияның Veghel фабрикасында шыққандығы анықта
лған. Mars компаниясының Германиядағы филиалы соңғы қолдану уақыты 19 маусым 2016 жыл мен 8 қаңтар 2017 жыл аралығындағы өнімдерге сақ болуды ескертті.
Компанияның ресми сайты, сауалдар мен хабарламалардың шамадан тыс көп келуіне байланысты, істен шығып, сайт жұмысы уақытша тоқтатылды.
«Mars»
компаниясы орын алған олқылық үшін тұтынушыларынан кешірім сұрады.
Пікірлер