Түркияның Ушак қаласында қайыршыларға қарсы рейд нәтижесінде 12 тіленші ұсталып, оның ішіндегі біреуінің есепшоты бар екені анықталған. Ал есепшотта 32 мың 102 лира көлемінде қаржы бары белгілі болды. Бұл ұлттық валютамызға шаққанда 3 миллион 830 мың 941 теңгені құрайды.
Осылайша Ұлы мешіттің жанында қайыршылықпен айналысқан 70 жастағы Гүлхизар Г. әжей миллионер қайыршы боп шыққан. Алайда, әжей бұл ақшалардың өзінікі емес, қызынікі деп жалтарып, екінші қайыршылықпен айналыспаймын деп сөз берген.
Пікірлер