Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітіндегі қолға алынған сенбілік бас қосу жалғасып келеді. Әр сенбіде бас имам Маханбетчин Берік қажы Алпысбайұлы мешіт жамағатымен бірге құптан намазын оқып, жамағатқа уағыз айтуда. Мешіт асханасында кең дастархан жайылып, уағыз-насихат тыңдауға келетін жастарға қайырымды істегі қайырлылық, ілім жолындағы жетістік, жақсы іске ұмтылуда берілер мол сауабтар жайлы мол ақпарат берілуде. Осы мақсатта бас имам Берік қажы Алпысбайұлы мен наиб имам Әкімтай Аңсар сауат ашу курсын ашып, жастарға Фиқһ, Ақида, Құран әліппесінен дәрістер жүргізуде. Сауат ашуға келетіндердің дені жастар. Ілім жолын іздеп келген әрбір адамға мешіт есігі қашанда ашық.
«Жанқұтты би» мешітінің баспасөз қызметі
[gallery columns="2" link="file" ids="22908,22910"]
Пікірлер